Accessibility links

Ливиядағы операцияға басшылық жасауды НАТО өз қолына алды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға байланысты қабылдаған қарарын жүзеге асыруға байланысты барлық іс-шараларды НАТО өз қолына алды.

Жексенбіде Брюссельдегі кездесуде НАТО-ға мүше 28 елдің өкілдері бұдан былай Ливияға қатысты барлық операцияларды жүзеге асыру, соның ішінде бейбіт тұрғындарды қорғау үшін Муаммар Каддафидің әскери күштеріне әуеден соққы беру де НАТО-ның құзыретіне өтетіні туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдемесі таратылды.

Дипломатиялық ортада НАТО күштерінің Ливиядағы ішкі текетіресте бейтарап ұстанымда қалатындығы айтылып отыр.

Бұған дейін Ливиядағы әскери операцияларды АҚШ бастаған 11 мемлекеттің халықаралық коалиция жүзеге асырған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG