Accessibility links

Пәкістан делегациясы Нью-Делиде келіссөздер өткізеді


Бүгін Пәкістан мен Үндістан ресмилері екі елдің бейбіт процесін қайта қалпына келтіру мақсатындағы кездесулерін өткізеді. Үндістанға Пәкістан делегациясын бастап барған ішкі істер министрі Чаулдри Қамар Заман үндістандық әріптесімен келіссөздер өткізеді.

Бұл кездесулер осы апта соңында Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гиланидің Үндістанда өтетін крикет ширек финалын көруге барар алдында болып отыр. Оны үндістандық әріптесі сәрсенбі күні шақырған.

Екі елдің бейбіт келіссөздері 2008 жылғы Мумбай шабуылдарына қатысты тоқтап қалған. Үндістан 166 адамның өмірін әкеткен террорлық шабуылды жасағандар Пәкістанда орналасқан жауынгерлер деп, Исламабадтан оларды ұстап беруді талап етіп келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG