Accessibility links

Қырғызстан түрмелерінде жаппай аштық акциясы жүріп жатыр


Қырғыз билігінің хабарлауынша, елдегі 11 түрменің алтауындағы сотталғандар аштық акциясын жариялаған.

Қамау орындары жүйесінің өкілі Калыбек Качкыналиевтің айутынша, наразылық шарасы наурыздың 25-де үш түрмеде басталып, кейін қалғандары қоштаған. Түзеу мекемесінің баспасөз қызметі аштық акциясына тұтқындардың 50-70 пайызы қатысып жатыр деді.

Качкыналиевтің сөзіне қарағанда, аштықты бастағандар Камчи Колбаев деген адам басқаратын қылмыстық топтың мүшелерін қамауға алмауды талап еткен. Бірақ ресми өкілдер сотталғандардың тағы басқа талаптары бар деп отыр.

Прокурор Кубанышбек Мамакеевтің айтуынша, аштық акциясын биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің қамаудағы туыстары ұйымдастырып отыр. Хабарларға қарағанда, аштық жариялап, тамақ ішпеген екі адам өліп кеткен.

Дүйсенбі күні Бішкектегі парламент үйі алдына сотталған азаматтардың 70 шақты туысы жиналып, түрмедегі жағдайды жақсартуды және қамаудағыларға рахымшылық жариялауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG