Accessibility links

Түркімен, тәжік президенттері Теһранда жүр


Иранға сапарлаған Түркіменстан мен Тәжікстан басшылары президент Махмуд Ахмадинежадпен жеке-жеке келіссөз өткізді.

Президент Ахмадинежад тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонға "Сәнгтуде-2" су электр стансасының жұмысын аяқтауға осы жылы Иран көмектесетінін айтты. Рахмон Тәжікстанға электр қуатын беретін "Сәнгтуде-2" стансасы жыл соңындағы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтер алдында іске қосылады деген үмітін жеткізді.

Түркіменстан президентімен кездесуінде Ахмадинежад екі елдің өзара байланыстарын дамыту туралы сөйлесті. Иран басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке екі орындық ұшақ сыйлаған.

Түркімен президенті Теһранда Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесіп, Түркімен-Ауғанстан елдері арасындағы табиғи газ құбыры жобасын талқылады.

Бұл үш елдің президенттері Иранға наурыз мерекесін тойлауға шақырылған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG