Accessibility links

Мосул қаласында бір үйді басып алған қарулы топ 6 адамды өлтірді


Ирақ полициясының хабаралуынша, әл-Қаида бақылауында болған Мосул қаласында бір үйді қарулы адамдар басып алып, үйден қашпақшы болған алты әйел мен бір еркекті атып тастаған.

Полиция дүйсенбі күні таңертең Мосул қаласында болған оқиғаға 4 қарулы кісі қатысқан деді. Ирақ полициясы бұл шабуыл террорлық акті болуы мүмкін деп отыр.

Бағдадтан 360 шақырымдай солтүстік-батыста орналасқан Мосул қаласы осыған дейін әл-Қаида ұйымы бекінген қала болған, бүгінде сүннит бүлікшілерінің ордасы болып отыр.
XS
SM
MD
LG