Accessibility links

Ресей баспасөзі: Ингушетиядағы операцияда Доку Умаров та қаза болуы мүмкін


Бүгін Ресейдің бірқатар ақпарат құралдары Ингушетияның Сунжен ауданында дүйсенбіде жүргізілген арнайы операция барысында қаза тапқандар арасында Солтүстік Кавказдағы қарулы бүлікшілер басшысы Доку Умаров та болуы мүмкін деген ақпарат таратты.

Бұған дейінгі хабарларда наурыздың 28-інде Ингушетияның таулы аудандарында арнайы операция нәтижесінде 17 бүлікшінің өлтіріліп, екеуі қолға түскені айтылған еді. Ресейдің террорға қарсы ұлттық комитеті өлтірілген бүлікшілердің биыл қаңтардың 24-і күні Мәскеудің Домодедово әуежайындағы террорлық жарылысқа қатысы бар деп санайды.

Ол жолы жарылыс салдарынан 37 адам қаза болып, жүзден астам кісі жараланғаны мәлім.

Екі жүзге жуық әскери қызметшілердің қатысуымен Ингушетиядағы арнайы операция жалғасып жатқаны айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG