Accessibility links

Қазақстан 2012 жылы 20 мың тоннадай уран өндірмек


Қазақстан алдағы жылы 20 мың тоннаға жуық уран өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық акционерлік компаниясы жоғары технологиялар институтының бас директоры Серік Қожахметов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Ол 2011 жылы 19,6 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отырған Қазақстан нарық сұранысына байланысты уран өндіру көлемін бұдан да арттыра алатынын айтқан.

«Қазір Қазақстанның мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде икемді. Біз үнемі нарық болжамын бағдарға аламыз. Қажет болса, 30 мың тонна да өндіре аламыз», - деген Серік Қожахметов елдің техникалық және шикізат мүмкіндіктері нарықтың сұранысына қарай әрекет етуге мүмкіндік беретінін атап өткен.

«Қазақстан - өндірісті қысқа уақытта 20-30 пайызға арттыра алатын жалғыз мемлекет», - дейді ол.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG