Accessibility links

Кувейтте тыңшы деген күдікпен үш адам өлім жазасына кесілді


Кувейт соты Иранның тыңшылық ұйымына жұмыс істеді деген айыппен үш адамды өлім жазасына кесті. Олардың екеуі – ирандық, біреуі – Кувейт азаматы.

Сот өкілдерінің айтуынша, тыңшылыққа қатысты сот аяқталған соң бір сириялық пен «азаматтығы жоқ адам» өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Өлім жазасына кесілген үш адам мен Сирия азаматы 2010 жылдың мамыр айында қамауға алынған кезде Кувейт армиясында қызметте болған. Ал «азаматтығы жоқ адам» бұрынғы сарбаз делінеді.

Иранның мәліметінше, ол адамдар Тегеранның тыңшылары емес.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG