Accessibility links

Сирия үкіметі отставкаға кетті


Сирия үкіметі екі аптаға жалғасқан наразылық шарасынан кейін отставкаға кетті. Елде үкіметке қарсы шерулер барысында кемінде 60 адам қаза тапқан болатын.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, сейсенбі күні президент Башар әл-Ассад Нажи Отридің кабинетінің отставкаға кету жөніндегі арызын қабылдаған.

Башар әл-Ассад әкесі Хафез әл-Ассадтың мұрагері болып, президент ретінде Сирияны 11 жылдан бері басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG