Accessibility links

Барак Обама: Каддафи түбінде биліктен кетуге мәжбүр болады


АҚШ президенті Барак Обама халықаралық қауымдастық тарапынан жасалатын саяси және экономикалық санкциялардың нәтижесінде Ливия басшысы Муамар Каддафидің "түптің түбінде" биліктен кетуге мәжбүр болатыны туралы мәлімдеді.

Обама бұл пікірін сейсенбі күні америкалық "Эн-би-си" телеарнасына сұқбатында айтты.

Ақ үй басшысы халықаралық коалицияның Ливиядағы операциясы бейбіт тұрғындарды Каддафиге бағынышты әскери күштерден қорғап қалуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
XS
SM
MD
LG