Accessibility links

АҚШ Сирияны саяси реформа жасауға шақырды


АҚШ үкіметі Сирия билігін елде саяси реформалар жасауға шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер Сирия президенті Башар Ассад өз халқының талап-тілегіне құлақ асып, түсіністік танытуы керек деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Сирия үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. Елде екі аптаға жалғасқан наразылық шерулері кезінде кемінде 60 адам қаза болған.

Сирия президенті Башар Ассад ұлтқа арнап үндеу жасамақшы. Кейбір хабарларға қарағанда, президент елде 50 жылдан аса уақыт бойы күшінде тұрған төтенше жағдай тәртібінің жойылғанын жариялауы мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG