Accessibility links

Алматының №1 жылу беру орталығы газ отынына ауыстырылмақ


Алдағы жаңа жылу маусымынан бастап Алматыдағы №1 жылу энергетикалық орталығы (ЖЭО-1) толығымен газ отынына ауыстырылады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

«2010-2012 жылғы жаңа жылу маусымынан бастап ЖЭО-1 толығымен газды пайдалануға көшеді», - деген Алматы әкімі.

Оның айтуынша, қазір Алматыдағы №1 және №2 жылу орталықтары жыл сайын ауаға 23 мың тонна ластағыш зат бөліп шығарады екен.

Қала әкімі сондай-ақ, қаладағы жеке меншік жеңіл көлікті газға ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Біз бүкіл көлікті газға ауыстыру бойынша батыл міндет қойып отырмыз. Қазір бірінші кезеңде Алматыда 100 мың жеке меншік жеңіл көлікті газға ауыстыру міндеті қойылып отыр», - деді Ахметжан Есімов.

Осы мақсатта халықты газ-баллон жабдықтарын сатып алуға несиелеу үшін шағын несиелендіру ұйымы құрылатынын хабарлаған әкім бизнес өкілдерін қалада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаларының негізінде газ құю станцияларын құруға шақырды.
XS
SM
MD
LG