Accessibility links

Пәкістанда жанкештілік шабуылдан 13 адам мерт болды


Пәкістан полициясының айтуынша, бүгін елдің солтүстік-батысындағы жанкештілік шабуылдан 13 адам опат болып, он адам жарақат алған.

Жергілікті полиция басшысы Абдулла Жанның мәлімдеуінше, Пешауардан 100 шақырымдай жердегі Суаби қаласында бір жанкешті кісі полиция бекеті жанында жарылғыш заттарын іске қосқан. Құрбан болғандардың кемінде біреуі полиция қызметкері дейді Жан.
XS
SM
MD
LG