Accessibility links

Сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-тың кезекті есебіне қатысты пікір білдірді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясы Қазақстанда сайлау алдындағы жағдай оппозициялық партиялардың жеткіліксіз дәрежеде қатысуымен сипатталады, бұл бәсекелі емес ортаның қалыптасуына әкеліп отыр дейді. Бұл туралы аталмыш миссия бақылаушыларының кезекті аралық есебінде айтылған.

Сәрсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы мұнымен келіспейтінін айтты. Комиссияның вебсайтында "партиялардың бәрі тең, ал олардың кейбіреуін оппозициялық деп атау жөнсіз. Түрлі 3 саяси партиядан 4 кандидаттың қатысуы сол немесе өзге партия көздейтін мақсаттарға қарамастан, бәсекелі жағдайдың бар екенін айғақтайды" делінген.

Елде кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-де өтеді. Оған төрт кандидат - қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, сенатор Ғани Қасымов, эколог Мэлс Елеусізов және коммунист Жамбыл Ахметбеков түседі.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG