Accessibility links

Сирия президенті халыққа жолдауын жариялады


Сирия президенті Башар әл-Ассад парламентте халыққа арнап үндеу жасады. Хабарларға қарағанда, президент елде 50 жылдан аса уақыт бойы күшінде тұрған төтенше жағдай тәртібінің жойылатынын жариялауы тиіс болатын бірақ ол бұл туралы ешнәрсе айтпады. Башар әл-Ассад Сириядағы наразылық шерулеріне байланысты "елді құртқысы келетін конспираторларды" айыптады.

Сирияда екі аптаға жалғасқан үкіметке қарсы наразылық шерулері кезінде кемінде 60 адам қаза болған. Сейсенбі күні ел үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. АҚШ үкіметі Сирия билігін елде саяси реформалар жасауға шақырды.

Башар әл-Ассад әкесі Хафез әл-Ассадтың мұрагері болып, президент ретінде Сирияны 11 жылдан бері басқарып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG