Accessibility links

Ресейде танымал әртіс Людмила Гурченко қайтыс болды


СССР халық әртісі Людмила Гурченко сәрсенбі күні 76 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды. Аты әйгілі актрисаның қазасы туралы хабардар болған жұрт Мәскеудегі ол тұрған үйдің алдына гүл шоқтарын әкеп жатыр.

Людмила Гурченко 1950 жылдардың ортасында режиссер Эльдар Рязанов түсірген "Карнавал түні" фильмінен соң көпшілікке танымал болды.

Ол басты рольдерді сомдаған "Соғыссыз өткен жиырма күн", "Екеуге арналған вокзал", "Механик Гавриловтың сүйікті әйелі" сияқты фильмдер совет киносының таңдаулы туындылары қатарына енді.

Марқұмды дүйсенбі күні Мәскеу қаласындағы Новодевичье зиратында жерлейді.
XS
SM
MD
LG