Accessibility links

АҚШ конгрессмендері Обаманы Сирия оппозициясын қолдауға шақырды


АҚШ Конгресінің мүшелері - республикалық партия өкілі Джон Маккейн мен демократ Джо Либерман президент Барак Обаманы Сирия оппозициясына қолдау білдіруге шақырып мәлімдеме жасады.

Конгрессмендер Ақ үй Сирияда билік басында отырған режимге қарсы өз сөзін «қатты әрі анық» білдіруі тиіс деп санайды.

Бұған дейін АҚШ үкіметі Сирия билігін елде саяси реформалар жасауға шақырған еді.

Сирия президенті Башар әл-Ассад кеше парламентте халыққа жасаған үндеуінде елдегі бірнеше аптаға жалғасқан наразылық шерулерін "елдегі тұрақтылықты бұзуды көксейтіндердің қаскөйлігі" деп айыптады. Сонымен бірге ол қауіпсіздік күштеріне наразылық шеруіне шыққандардың өміріне қауіп келтіретін әрекеттерге бармауды бұйырғанын айтты.

Сирияда екі аптаға жалғасқан үкіметке қарсы наразылық шаралары кезінде кемінде 60 адам қаза болған. Сейсенбі күні ел үкіметі толық құрамда отставкаға кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG