Accessibility links

"Лайв жорнал" сайтына хакерлік жойқын шабуыл жасалды


Интернетте блог жариялауға арналған ірі сайттардың бірі – «Лайв жорнал» сәрсенбі күні бұрын-соңды болмаған хакерлік жойқын шабуылға тап болғандықтан бірнеше сағат бойы ақаумен жұмыс істеген.

Бұл туралы ақпаратты Livejournal Russia компаниясының басшысы Светлана Иванникова растады.

Шабуылдың қайдан жасалғаны әлі анықталған жоқ. Әзірге белгілісі – бүкіл жүйе жұмысын ақсатқан хакерлік шабуыл сайттағы аккаунттардың біріне қарсы жасалған. Бірақ нақты қайсысы нысанаға алынғанын сайт әкімшілігі айтпай отыр.
XS
SM
MD
LG