Accessibility links

Ливия сыртқы істер министрі Ұлыбританияға қашып барды


Британ сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні Ұлыбританияға ұшып келген Ливия сыртқы істер министрі Муса Куса өзінің отставкаға кететіні туралы мәлімдегенін хабарлады.

Муса Кусаның бұл әрекетіне не себеп болғаны Форин оффистің хабарламасында айтылмайды, тек «Каддафидің маңайындағыларды онымен байланысты үзуге шақырамыз» делінген.

«Би-би-си» хабарына қарағанда, сәрсенбі күні таңертең Тунистен Англияның оңтүстігіндегі Фарнборо әуежайына ұшып барған Муса Кусамен британ арнаулы қызметінің өкілдері ұзақ сөйлескен.

Муаммар Каддафиге жақын адамдардың бірі саналған Муса Куса соңғы екі жылда Ливия сыртқы істер министрі болды. Бұған дейін ресми Триполи Кусаның шетелге дипломаттық сапармен кеткенін айтқан еді.

Ал Ливияда сәрсенбі күні Каддафиге бағынышты әскери күштер көтерілісшілерге қарсы шабуылға шығып, бірнеше қаланы қайтарып алды. Соңғы ақпараттар бойынша, олар елдің шығысындағы Аждабияға бара жатыр. АҚШ пен Ұлыбритания Ливия көтерілісшілеріне көмекке қару-жарақ берілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ресей бұған қарсы болып отыр.

Халықаралық коалиция күштері Каддафиге бағынышты күштер тұрған аудандардағы әскери инфрақұрылымдарға әуеден соққы беріп жатыр.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG