Accessibility links

Армян оппозициясының жетекшісі аштық акциясын тоқтатты


Арменияда оппозициялық партия жетекшісі Раффи Ованнисян денсаулығына байланысты сәрсенбіден бастап аштық акциясын тоқтататынын мәлімдеді.

Журналистерге берген сұқбатында ол наразылық акциясын тоқтатқанымен, Арменияның жарқын болашағы үшін күресі жалғаса беретінін мәлімдеді. Ол елдегі әділетсіздік, кедейшілік пен коррупцияға наразы екенін айтты.

АҚШ тумасы Раффи Ованнисян Армения астанасы Ереванның орталығында наурыздың 15-інен бері аштық жариялаған еді. Содан бері оған белгілі саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері мен қарапайым тұрғындар келіп жолықты.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG