Accessibility links

Полиция: Оппозициялық газет шығатын баспа директоры жоғалған жоқ


Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда «Голос республики» газеті басылып шығатын баспаның директоры Данияр Молдашев ұрланбаған.

Ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша Молдашевтің туыстары наурыздың 30-да оның Киевке кеткенін және онымен телефон арқылы байланыста екенін айтқан.

Оппозициялық "Голос республики" газетінің редакциясы Молдашев сенбі күні Мәскеуден оралып, соққыға жығылған соң жоғалып кетті дейді.
XS
SM
MD
LG