Accessibility links

Минскіде ЕҚЫҰ кеңсесі жабылды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис Беларусь билігінің Минскідегі аталмыш ұйымның кеңсесінің мандатын ұзартпау туралы шешімін қайта қарамауына байланысты алаңдаушылық танытты.

Бұл ұйым кеңсесінің мандаты өткен жылдың аяғында аяқталған болатын. Сөйтіп бұл процес үш айға жалғасып, бейсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынының Минскідегі кеңсесі жабылды.
XS
SM
MD
LG