Accessibility links

Әзербайжанда оппозициялық белсенділер ұсталды


Әзербайжанда жоспарланған үкіметке қарсы шерудің алдында бірнеше оппозициялық белсенді ұсталды деп хабарлайды Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі.

Бейсенбі күні ұсталғандардың арасында оппозициялық «Әзербайжан халықтық майданы», «Әзербайжан демократиялық партиясы» мен "Классикалық Әзербайжан халықтық партиясының" мүшелері бар.

Оппозиция сенбі күні Баку орталығында биліктің рұқсат бермеуіне қарамастан шерулерін өткізуін жоспарлап отырғанын айтты.
XS
SM
MD
LG