Accessibility links

АҚШ адмиралы Майк Маллен Каддафи әскері қуатты дейді


АҚШ қарулы күштер3 штаб бастықтарының біріккен комитетінің басшысы адмирал Майк Маллен.
АҚШ қарулы күштер3 штаб бастықтарының біріккен комитетінің басшысы адмирал Майк Маллен.
АҚШ Конгресінде өткен тыңдауда америкалық қарулы күштер штаб бастықтарының біріккен комитетінің басшысы адмирал Майк Маллен халықаралық коалицияның Ливияда әуеден берген соққыларына қарамастан Муамар Каддафи әскерінің қуат-күші көтерілісшілерден он есе артық деп мәлімдеді.

Бейсенбіде Каддафи күші елдің шығысындағы Брега қаласын алмақ болған көтерілісшілерге соққы беріп олардың бетін қайтарған.

Бұған дейін НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен ливиялық көтерілісшілерге қару-жарақ беру жөнінде АҚШ пен Ұлыбританияның ұсынысын қолдамайтындығын мәлімдеген еді.

Ол НАТО-ның басшылығымен Ливияда өткізіліп жатқан халықаралық операцияның мақсаты - "Ливия халқын қаруландыру емес, қорғау" екенін атап айтқан.
XS
SM
MD
LG