Accessibility links

Астанада ондаған адам Орталық сайлау комиссиясына талаппен келді


Бүгін Астанадағы Орталық сайлау комиссиясына келген «Лайықты баспана үшін» қозғалысының ондаған белсендісі ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездесуді талап еткені туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Қозғалыс жетекшісі Зәуреш Батталованың айтуынша, олар бұған дейін ОСК-ға жолдаған хатында кезектен тыс президент сайлауында өздерінің ешкімге дауыс бермейтіндерін білдіріп, дауыс санау барысында осы жайтттың ескерілуін сұраған.

Алайда Орталық сайлау комиссиясының берген жауабына қанағаттанбаған олар енді ОСК жетекшісіне өз талаптарын көзбе көз жеткізу үшін келіп тұрғандарын айтты Зәуреш Батталова.

Ол «ОСК төрағасы өздеріне шықпаса, онда осы жерде сәуірдің 3-іне дейін тұратындарын» ескерткен. ОСК ғимаратының күзет қызметі келгендердің тек бірнешеуін ғана ішке жіберген.

Қазақстанда сәуірдің 3-і күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Оған кандидат ретінде тіркелген 4 адамның арасында елді соңғы 20 жылдан астам уақыт басқарып қазіргі президент те бар. Бүгін сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG