Accessibility links

Ресейде оппозициялық белсенділер ұсталды


Ресей полициясы Мәскеу мен Санкт-Петербургтағы наразылық шарасына қосылған оппозициялық саясаткерлер - Борис Немцов пен Эдуард Лимоновты тұтқындады.

Санкт-Петербургта билік орындары 100-ден астам адамды, ал Мәскеуде 50-ге жуық кісіні қамауға алған. Ресей Конституциясындағы 31-ші бапқа сәйкес бейбіт шерулердің өтуіне рұқсат етілген. Осыған сілтеме жасай отырып белсенділер айдың 31-ші күні "Стратегия 31" атты шерулерін ұйымдастырып келеді.

Ақ үйдің айтуынша, наурыздың 31-де бейбіт шерулерге қатысқан көптеген Ресей азаматтарының ұсталғаны туралы хабарларға АҚШ алаңдаушылық танытып отыр.
XS
SM
MD
LG