Accessibility links

Боснияның әлемдік футбол жарысына қатысуына тыйым салынды


FIFA мен UEFA Боснияның футбол федерациясын халықаралық жарыстарға уақытша қатыстырмайтын болды. Бұған босниялық федерацияның өзіне жалғыз президент тағайындаудан бас тартуы себеп болды.

Босния футболы саясаттағы бағытқа сай басқарылады, яғни 1992-1995 азаматтық соғыстан кейін елдің этникалық бөлінуін көрсету үшін федерация президенттігіне этникалық босниялық, хорват және серб азаматтары тағайындалған.

FIFA мен UEFA федерация жарғысын өзгертуді талап етіп, әйтпеген жағдайда санкция енгіземіз деген болатын. Бірақ осы аптада Сараеводо өткен жиында босниялық сербтер футбол федерацияна бір адамның президент болуына қарсылық білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG