Accessibility links

Ауғанстанда НАТО базасына шабуыл жасалды


Бұрқа қиген жанкештілер Кабулдың шетіндегі НАТО базасына шабуылдап, үш сарбазды жаралады.

Кабул полициясының басшысы Аюби Салангидің айтуынша, үш шабуылдаушының екеуі базаға кіре берісте өздерін жарып жіберген, ал үшінші жанкештіні қауіпсіздік күштері атып өлтірген. НАТО жетекшілігіндегі күштердің баспасөз хатшысы болса екі шабуылдаушы болғанын және олардың біреуінің ғана жанкешті кісі болуы мүмкін екенін хабарлады.

Елдің шығысындағы Жалалабад қаласына баратын жолда орналасқан базаға бұдан бұрын да шабуылдар жасалған еді. 2009 жылдың аяғында базада көлікке тиелген бомба жарылып, НАТО-ның 19 сарбазы жараланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG