Accessibility links

Кот д'Ивуарда қақтығыстар жалғасып жатыр


Кот д'Ивуардың Абиджан қаласында Алассан Уаттараның күштері мен оның қарсыласы Лоран Гбагбоның күштері арасында шайқастар болды.

Сайлаудан кейін халықаралық түрде президент ретінде мойындалған Уаттараның әскерилері соңғы аптада үлкен жетістіктерге жетіп, бірақ осы уақытқа дейін Абиджанда биліктен бас тартпай отырған бұрынғы президент Гбагбоны жеңе алмаған болатын.

Президент сарайы мен телеарна ғимараты жанындағы және басқа да аудандарда қақтығыстар жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар өздерінің қауіпсіздігіне алаңдап отырғандарын айтады.

АҚШ, Франция, БҰҰ басшысы Пан Ги-мун және Африка Одағы Гбагбоны тезарада биліктен кетуге шақырды. "Қызыл крест" ұйымының мәліметінше, осы аптада елдің батысында кемінде 800 адам өлтірілген.
XS
SM
MD
LG