Accessibility links

Қазақстанда президенттік сайлауға дауыс беру басталды


Бүгін Астана уақытымен таңертеңгі сағат жетіде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына сайлаушылардың дауыс беруі басталды деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, ел аумағында 9,7 мың және Қазақстанның шетелдердегі елшіліктері жанында 35 сайлау учаскесі құрылған. Елдегі сайлаушылар тізімінде 9,18 миллион адам тіркелсе, Қазақстаннан тыс жерде 14 мың сайлаушы есепте тұрғаны хабарланды.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына төрт кандидат түсіп отыр. Олар - Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан елдің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Қазақстан патриоттары партиясынан» парламент депутаты Ғани Қасымов және «Табиғат» экологиялық одағынан Мэлс Елеусізов.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG