Accessibility links

Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс берді


Кезектен тыс президент сайлауына Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан түскен кандидат Жамбыл Ахметбеков жексенбі күні Астананың шетіндегі "Лесозавод" кентіндегі №28 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ол өзінің "халық үшін дауыс беретінін" айтты.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына Ахметбековпен бірге тағы үш кандидат түсіп отыр. Олар - «Табиғат» экологиялық одағынан Мэлс Елеусізов, «Қазақстан патриоттары партиясынан» парламент депутаты Ғани Қасымов және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан елдің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG