Accessibility links

Президентікке үміткер Мэлс Елеусізов Назарбаевқа дауыс бергенін айтты


Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауына түскен төрт кандидаттың бірі - «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов жексенбі күні Алматыдағы №247 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс беріп шыққан соң ол өз дауысын Қазақстанның қазіргі президентіне бергенін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Мен қазіргі президенттің жеңіп шығатынына кәміл сенемін, сондықтан оған өз дауысымды бердім»,– деген Мэлс Елеусізов.

Бұл сайлауда Елеусізовтің бәсекелестері - Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан кандидат болып түскен Жамбыл Ахметбеков, «Қазақстан патриоттары партиясынан» парламент депутаты Ғани Қасымов және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан елдің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сәуірдің 3-і күні сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG