Accessibility links

Экзит-полл ұйымдастырушылар кедергіге кезіккенін айтады


Кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру барысын зерттеу мақсатымен Алматыдағы №143 мектепте орналасқан №284 сайлау учаскесіне экзит-полл өткізуге келгендер кедергіге тап болғандары туралы Азаттық радиосына осы аумақтағы жұмыстар үшін жауапты супервайзер Тимур Талғат хабарлады.

Оның айтуынша, дауыс беру басталған күні таңертең сайлаушыларға қысқа сауал қою үшін сайлау учаскесіне келгендерге жұмыс істетпей, тек сайлау комиссиясының төрағасына телефон шалып мән-жайды айтқан соң ғана рұқсат берген. Тимур Талғат дауыс берген азаматтардың сайлау учаскесінен бірнеше есіктер арқылы шығып кетіп жатқанын айтады. Ол бұның заңға қайшы екенін және де экзит-полл жүргізу ісіне кедергі келтіретінін атап көрсетті.

Бүгінгі кезектен тыс президент сайлауында экзит-поллды Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар ассоциациясы жүргізіп жатыр. Оны өткізетіндер сайлаудың қандай нәтижемен аяқталатынын болжау мақсатында сайлау учаскесінің алдында тұрып, дауыс беріп шыққан сайлаушыдан кімге дауыс бергенін сұрап, олардың жауаптарын жинақтайды.
XS
SM
MD
LG