Accessibility links

Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жететіне сенімді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында халық өзіне дауыс беріп, тағы 5 мерзімге сайланатынына сенімді болып отыр.

Ол Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс беруден кейін, өзінің Қазақстанның бірлігі үшін, халықтың тұрақтылық пен достыққа деген қалауы үшін дауыс бергенін айтты.

Назарбаевпен бірге сайлауға тағы 3 кандидат түсіп отыр. Олар - Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков, «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов және «Қазақстан патриоттары» партиясының жетекшісі, парламент депутаты Ғани Қасымов.

Қазақстан оппозициясы кезектен тыс өтіп жатқан президент сайлауын мойындамай, оған бойкот жариялаған.

Қазақстанда халықаралық бақылаушылардың бағалауы бойынша ешқашан әділ әрі ашық сайлау өткен емес.
XS
SM
MD
LG