Accessibility links

АҚШ бақылаушысы Қазақстан сайлауы барлық талаптарға сай өтуде деді


Қазақстан президенті сайлауының барлық тәртіптері құқықтық нормаға сай талаппен өтуде. ҚазТАГ агенттігіне АҚШ-тың бақылаушылар делегациясының мүшесі, бизнес кеңесші Дуглас Алан Таунсенд осылай мәлімдеген.

Сайлау басталған жарты күнде біз 6 сайлау учаскесін аралап шықтық. Барлық рәсімдер қажетті талаптар бойынша өтуде деп деді жексенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, олар аралаған сайлау учаскелеріне дауыс берушілер үнемі келіп жатқан. Әрбір үш минут сайын адамдар келіп, дауыс беріп жатты, егер бәрі осы бағытта жүретін болса күн соңына дейін сайлаушылардың қатысуы жоғары көрсеткіште болады деді ол.

ТМД бақылаушылары да сайлау барысы заңбұзушылықсыз өтіп жатыр деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG