Accessibility links

Жапония ядролық зауытында 2 жұмысшының мәйітін тапты


Жапония радиация жайылған ядролық зауытында екі адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Бұл "Фукусима" ядролық кешеніндегі нақтыланған бірінші адам шығыны болып отыр.

Токио электр қуаты компаниясы осыған дейін наурыздың 11-дегі зілзала мен цунами апаттарынан кейін екі жұмысшысы жоғалып кеткенін айтқан болатын. 24 және 21 жастағы жапондықтар табиғат апатынан алған жарақаттарынан қансырап өлген екен.

Бұл тұста Тынық мұхитына радиация төгілген "Фукусима" зауытында бұзылған реактор жұмысын қалпына келтіру шаралары жалғасып жатыр. Жұмысшылар екінші реактордан суға улы заттардың төгілуіне жол бермеу үшін химиялық полимер пайдалануға тырысуда.

Табиғат апатынан кейін істен шыққан ядролық кешендегі реактордан ауаға, суға және зауыт маңына адам өміріне қауіпті радиация тарады.
XS
SM
MD
LG