Accessibility links

ОСК: сағат 16.00-ге дейін 77 пайызға жуық сайлаушы дауыс берді


Қазақстандағы президент сайлауына дауыс берушілердің 76,9 пайызы қатысты.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова хабарлады. Оның айтуынша, күндізгі сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың 76,9 пайызы, 7 миллион 56 мың 748-і дауыс берген.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына келушілер саны осыған дейінгі 2005 жылғы сайлау көрсеткіштерінен асып кетті.

Қазақстанда таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін сайлау учаскесі жұмыс істеп, түнгі 12-ден бастап дауыстар саналады. Дүйсенбі күні таңертең Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың бастапқы нәтижелерін жариялайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG