Accessibility links

Назарбаевтың суретін өртеген адамға қарсы іс қозғалды


Павлодар полициясы жексенбі күні таңертең президент сайлауындағы кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті тұрған билбордты өртеген 53 жастағы азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Павлодарлық азаматқа полиция қызметкерін жаралап, қарсылық танытты деген және оған суретті өртегені үшін әкімшілік айып тағылады деді облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзумова.

Сонымен қатар, бас прокуратура өкілі Андрей Кравченко Астанадағы брифингте президент сайлауына үміткерлердің 77 плакаты талқандалғанын мәлімдеген. Оның ішінде 72 плакат "Нұр-Отан" партиясының үміткері Назарбаевтың суреттеріне шабуыл болған. Бұған қатысты 13 іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG