Accessibility links

АҚШ генералы Құранды өртеу америкалық сарбаздарға қауіп төндіргенін айтты


Ауғанстандағы халықаралық күштердің қолбасшысы, америкалық генерал Дэвид Петреустің айтуынша, АҚШ-тың Флорида штатында наурыздың 20-сы күні Құранды жағып жіберген пастор Терри Джонстың қылығы Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың өміріне жаңа қауіп-қатерлер төндірген.

Генерал Петреус бұл туралы "Уолл стрит жорнал" басылымына берген сұқбатында айтты.

Америкалық пастор Құранды өртеген соң Ауғанстанның бірқатар қалаларда халық жаппай наразылық акцияларына шығып, соның салдарынан кемінде 22 адам қаза болған. Құрбан болғандардың арасында БҰҰ-ның Мазари-Шарифтегі миссиясының 7 қызметкері бар.

Жексенбі күні генерал Петреус және АҚШ елшісімен кездескен Ауғанстан президенті Хамид Карзай Құранды өртеген адам жауап тартылуы керек деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG