Accessibility links

Пан Ги Мун әлемдегі бай-кедей арасындағы теңсіздіктің қаупі туралы ескертті


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2011 ж.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2011 ж.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун әлем елдері басшыларына адамдар арасындағы теңсіздіктің салдары ауыр болатынын ескертті.

"Егер олар адамдар арасындағы теңсіздікті жоймайтын болса, 7 миллиард тұрғынның наразылықтарына тап болады", - деді БҰҰ бас хатшысы.

Әлемде кедейлер мен байлар арасындағы теңсіздіктің ұлғайып бара жатқанын тұспалдаған Пан Ги Мун қазірде жер бетінде аштық зардабын тартып отырған бір миллиард адамның алда "ең үлкен қарама-қайшылық тудыруы" мүмкін екенін атап айтқан.
XS
SM
MD
LG