Accessibility links

Назарбаев сайлауда өзіне көмектескендерге алғыс айтты


Бүгін түскі сағат 12-де Астанада көпшіліктің алдына шыққан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында өзінің жеңіске жетуіне көмектескендердің барлығына алғысын айтты.

«Жаңа ғана алдын ала нәтиже белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы 90%-дан астамы мені қолдап дауыс бергендерін жариялады. Мен осы күндері штабқа, коалицияға көмектескендерге, осы науқанды өткізген еріктілер мен барлық өкілдерге, маған көмектесуге қатысқандардың барлығына алғыс айтамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге ол осы сайлауға қатысқан өзге кандидаттарға да алғыс айтты.

«Мен осы сайлауға қатысқан, осы сайлаудың ашықтығы мен әділдігін көрсеткен президенттікке кандидаттардың бәріне алғыс айтамын», – деді Назарбаев.

Бұл жиын мемлекеттік телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.

Орталық сайлау комиссиясының бүгін жариялаған алдын ала қортындылары бойынша, жексенбі күні өткен кезектен тыс прездент сайлауында дауыс бергендердің 95,5 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.
XS
SM
MD
LG