Accessibility links

Президенттік сайлаудың ресми нәтижесі мен бейресми сауалнаманың арасы жер мен көктей


Ішкі әскер сарбаздары Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті жапсырылған билбордтың түбінен өтіп барады. Астана, 31 наурыз 2011 жыл

Ішкі әскер сарбаздары Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті жапсырылған билбордтың түбінен өтіп барады. Астана, 31 наурыз 2011 жыл

Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаев 95.5 пайыз дауыс жинады деп хабарлады. Ал Азаттық вебсайтындағы сауалнама бойынша ол 26.9 пайыз жинаған.


Азаттық радиосының "Сіз сәуірдің 3-і президенттік сайлауда дауыс бересіз бе?" деген сауалына оқырмандарымыз былайша жауап берген еді:

Иә23.9 %
Жоқ76.1 %

Ал орталық сайлау комиссиясының сәуірдің 4-і таңғы сағат 10-да жариялаған мәліметі бойынша және Азаттық радиосы өзінің вебсайтында сәуірдің 3-іне дейін жүргізген сауалнамасы бойынша президенттікке кандидаттар төмендегідей дауыс жинаған:

ОСКЖамбыл Ахметбеков
1.4 %
Мэлс Елеусізов
1.2 %
Ғани Қасымов
1.9 %
Нұрсұлтан Назарбаев
95.5 %
АзаттықЖамбыл Ахметбеков
6.5 %
Мэлс Елеусізов
3.9 %
Ғани Қасымов
1.4 %
Нұрсұлтан Назарбаев
26.9 %

Ескере кететін жайт Азаттықтың вебсайтындағы сауалнамада "Бәріне қарсы дауыс беремін" деген бесінші балама жауап қосылды. Форумға қатысушылардың 61.4 пайызы дәл осы жауапты таңдаған.

Сайлау өтерден бұрын 11 ақпан мен 11 наурыз арасында Азаттық радиосы "Кезектен тыс президент сайлауынан соң Назарбаевтың жеңісі туралы хаттамада оны жақтаған дауыс неше пайыз болуы мүмкін?" деген сауалнама өткізген еді. Оған оқырмандарымыз былайша жауап берген:

76 (ең арзан бензиннің маркасы сияқты)80939598Маған бәрібір. Менің дауысым онсыз да есепке алынбайды
11.3 %4.5%7.1%13.9%20.7%42.5%

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG