Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстанның президент сайлауын сынады


Бүгін Еуропаның сайлауды бақылайтын тобы Қазақстанның жексенбі күнгі президент сайлауын сынап, шынайы демократиялық сайлаулар өткізу үшін қажет реформалар бұл елде әзірге жүзеге асқан жоқ деді.

ЕҚЫҰ-ның мәлімдеуінше, Қазақстанда өткен президент сайлауында бұрынғы дауыс берулер кезінде анықталған кемшін тұстар тағы байқалды.

ЕҚЫҰ бақылаушы миссиясының арнайы үйлестірушісі Тонино Пикула дүйсенбі күні журналистерге, Қазақстан демократиялық міндеттемелерін орындау үшін көп нәрсе жасауы тиіс деді:

"Қазақстанның саяси билігі ЕҚЫҰ-ның еркін жиын өткізу мен пікір білдіру еркіндігіне қатысты міндеттемелерін орындау үшін әлі де заңды жүйе қалыптастырудағы кемшін тұстарын реттеуі керек"- деді.

Қазақстанды 20 жылдан артық басқарған президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күнгі дауыс берулерден кейін тағы 5 жыл мерзімге сайланды.

Орталық сайлау комиссиясы дүйсенбі күні 70 жастағы Назарбаевтың 95,5 пайыз дауыс алғанын жариялады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG