Accessibility links

Кот-д'Ивуарда Гбагбо әскеріне әуеден соққы берілді


Халықаралық қауымдастық Кот-д'Ивуардың заңды сайланған президенті деп таныған Алассан Уаттараны қолдайтын бейбіт тұрғындарды шабуылдан қорғау үшін француз ұшақтары мен БҰҰ күштері билік басынан кетпей отырған президент Лоран Гбагбоға бағынышты әскердің лагеріне әуеден соққы берген.

Кот-д'Ивуардың ең ірі қаласы Абиджанда Уаттараны қолдаушы күштер Гбагбоның сарайына кіргені туралы хабарланды.

Абиджанда бірнеше күннен бері ұрыс жүріп жатыр. Бұған дейін Уаттара күштері елдің орталық және батыс аймақтарынан Гбагбоның жақтастарын ығыстырған.

Кот-Д'Ивуарда былтыр қарашада өткен президент сайлауында Алассан Уаттараның жеңіске жеткенін әлем қауымдастығы мойындағанымен, елді он жыл басқарып келген Лоран Гбагбо биліктен кетуден бас тартты. Екеуін қолдаушылар арасындағы қақтығыстар салдарынан ондаған адам қаза тауып, соғыс отынан қауіптенген мыңдаған жан баспанасын тастап бассауғалауға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG