Accessibility links

Назарбаев сайлаудағы бәсекелестерінің ұсыныстарын ескеруге уәде етті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауына қатысқан өзге бәсекелестерінің ұсыныстарын алдағы жұмысында ескеруге уәде берді.

«Мен сайлау науқаны барысын қадағалап отырдым. Біріншіден, олар өте маңызды ұсыныстар білдірді. Олар көптеген азаматтарымызбен кездесіп, оларды тыңдады. Мен алдағы уақытта олардың идеяларын, тұрғындардың білдірген өтініштерін ескеру үшін олардың келісімімен одан әрі ынтымақтастық орнатуға ұсыныс білдіреміз деп ойлаймын», - деген Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге Қазақстан президенті дағдарыстың қайталануы мүмкін екендігін айтып, оппозицияны «билік үшін күрестен халықтың өмірін жақсарту үшін күреске бет бұруға» шақырған. Нұрсұлтан Назарбаев барлық саяси партияларға «Коалиция-2020» аясында келіссөздер өткізіп, бірлесіп жұмыс істеуді ұсынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG