Accessibility links

«Фукусима» АЭС радиоактивті суды мұхитқа төге бастады


Жапонияда наурызда болған зілзала мен цунами салдарынан апатқа ұшыраған «Фукусима – Дайичи» атом электр станциясындағы реакторларда жиналған радиоактивті суды мұхитқа төге бастады. Бұл туралы жапон үкіметінің өкілі мәлімдеген.

Оның айтуынша, бұл шара АЭС орналасқан аймақтың радиациядан жаппай ластануына жол бермес үшін жасалған.

Мамандар мұхит ағысымен тараған радиоактивті су құрамындағы радиация деңгейі тез азайып кететінін, бірақ оның мұхит тіршілігіне қауіпті еместігін айтып отыр.

Апатқа ұшыраған АЭС маңына жақын жердегі мектептер мен балабақшаларда радиация деңгейі тұрақты түрде тексеріле бастады.
XS
SM
MD
LG