Accessibility links

Йемендегі жағдай зорлық-зомбылықтан кейін шиеленісе түсті


Куәгерлердің айтуынша, бүгін Йеменнің Таиз қаласында қауіпсіздік күштері мен қарапайым адамша киінгендер үкіметке қарсы шерушілерге оқ атқан.

Осыдан бір күн бұрын Йеменде үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстарда 19 адам опат болып, жүздеген кісі жарақат алды.

Йеменде наразылық шеруіне шыққандар елді отыз жылдан астам уақыт бойы басқарып отырған президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етеді.
XS
SM
MD
LG