Accessibility links

"Азат" ЖСДП сайлаудағы заңбұзушылықтарды тексеруге шақырды


Оппозициялық "Азат" ЖСДП партиясы Қазақстан билігін сәуірдің 3-індегі кезектен тыс президент сайлауында болған заңбұзушылықтарға қатысты мұқият тергеу жүргізуге шақырды. Бұл туралы партияның сейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған. Ол мәлімдемеге сәйкес, сайлау барысында "карусель" әдісі пайдаланылған, бақылаушылардың құқығы шектелген және тағы басқа заңбұзушылықтар байқалған.

Сайлауға бойкот жариялаған оппозициялық партия президент Нұрсұлтан Назарбаевты тез арада нағыз демократиялық реформаларды жүзеге асыруға шақырды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG