Accessibility links

Абиджанда президент сарайына шабуыл жасалды


Кот д'Ивуардағы президент сайлауында жеңіске жетті деп халықаралық түрде мойындалған Алассан Уаттараның күштері Лоран Гбагбоның бақылауындағы президент сарайына шабуылдай бастады. Абиджандағы президент сарайы маңайындағы тұрғындар қала орталығынан қашып кетті.

Бұдан бұрын БҰҰ мен Францияның тікұшақтары биліктен кетуден бас тартып отырған Лоран Гбагбоға бағынышты әскердің лагеріне әуеден соққы берген. Абиджанда бірнеше күннен бері ұрыс жүріп жатыр. Бұған дейін Уаттара күштері елдің орталық және батыс аймақтарынан Гбагбоның жақтастарын ығыстырған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG