Accessibility links

«Фукусима» АЭС-інен радиоактивті судың мұхитқа төгілуі тоқтатылды


Жапонияда наурызда болған зілзала мен цунами салдарынан апатқа ұшыраған «Фукусима – Дайичи» атом электр станциясындағы реакторларда жиналған радиоактивті судың мұхитқа төгілуі тоқтатылды.

Бұл туралы АЭС-ті пайдалануға жауапты ТЕРСО компаниясының өкілі мәлімдеген.

Мамандар су төгіліп жатқан аумақтағы құмайт топырақты нығайту үшін химиялық заттар қолданған.

Жапон билігі апатқа ұшыраған АЭС маңына жақын аудандағы радиация деңгейін бақылап отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG